22.07.2018 22:23

346.68
404.02
51.15
5.1
5.47
72.23


Кәсіпкерлерге арналған мессенджер іске қосылды

Жұма, 19 Қаңтар 2018 12:22

WhatsApp компаниясы кәсіпкерлерге арналған WhatsApp Business мессенджерін іске қосқанын хабарлады.

Жаңа қосымшаны қолданушылар аккаутына клиенттер компания жөнінде ақпарат ала алатын бизнес-профиль жасауға, электронды пошта, веб-сайт және мекен-жай туралы ақпарат қосу мүмкіндігі бар.

Аккаунт «бизнес-аккаунт» деген белгімен тұрады. Ал телефон номері тексерілгеннен кейін «тексерілген бизнес-аккаунт» деген белгі білгіленеді. Ал WhatsApp Business аккаунтының иесі хабарламаны қанша адам оқығаны туралы ақпарат пен статистиканы көре алады.

Сонымен қатар, қосымшада хабарламаларды басқару жүйесі бар. Яғни аккаунттың иесі хабарламаны бірнеше топқа жібере алады. Және мессенджерге жиі қойылатын сұрақтарға жылдам жауап бере алатын автоматтандырылған хабарламалар жіберу мүмкіндігі қосылған.

Android операциялық жүйесіне арналған қосымшаны қазіргі уақытта Индонезия, Италия, Мексика, Англия және АҚШ елінің қолданушылары жүктеп ала алады. Ал бірнеше аптаның ішінде өзге де елдің қолданушылары жүктей алатын болады.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper