23.02.2018 04:36

319.68
392.95
50.26
4.7
5.63
84.09


Facebook жарнаманы азайтады

Сенбі, 13 Қаңтар 2018 12:15

Facebook әлеуметтік желісі қолданушының жаңалықтар лентасында жарналамық жазбалардан да бұрын, оның жақын араласатын достарының жаңалықтарын көрсететін болады.

Бұл жөнінде  Facebook компаниясының басшысы Марк Цукерберг хабарлады.

Компания әлеуметтік желі қолданушыларына жағымды әсер қалдыруды көздейтінін айтқан Марк Цукерберг:

- Біз өзіміздің ұсынатын сервистеріміздің адамдардың қолдануына ыңғайлы ғана емес, пайдалы болуы да керектігін сезінеміз және оны жауапкершілікке аламыз, - деді.

Ол бұл шешімге жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде келген. Әлеуметтік желі қолданушыларының арасында жүргізілген зерттеу бойынша, адамдардың басым бөлігі «біз әлеуметтік желілерді өзіміз немқұрайлы қарамайтын адамдармен байланысу үшін қолданғанда өзіміздің жалғыз еместігімізді сезінеміз» деген. Ал жазбаларды оқып, видеоларды көру қызықты болғанымен, соншалықты пайдалы емес екен.

Өзгерістер алдағы бірнеше аптаның ішінде жүзеге асады.

Сонымен қатар, компания басшысы, бұл өзгерістерден кейін адамдар уақытын әлеуметтік желіде отыру мен хаттарды оқудан үнемдейтін болатындығына сенетіндігін жеткізді.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper