23.02.2018 04:30

319.68
392.95
50.26
4.7
5.63
84.09


«Shakarim.kz» сайты ашылды

Сәрсенбі, 03 Қаңтар 2018 15:00

«Ар» ілімін өмірінің мақсаты деп танып, елінің қамы үшін ерінбей еңбектеніп, келешек ұрпағына өшпестей мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдық мерейтойы қарасаңында «Shakarim.kz» сайты ашылды.

Сайт "Жиделі-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражай қорындағы ақын мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында ашылғандығын айтқан мұражай директоры Болат Жүнісбеков:

- «Бостандық таңы атты» деп баршаға қуана жар салған Шәкәрімнің арманы орындалды. Бұл тек Шәкәрімнің ғана емес барша алаш жұршылығының арманы еді. Сондықтан сайттың бас беті Шәкәрімнің «Бостандық таңы атты» өлеңімен ашылады. Заман талабына сай жаңа технологиялар қарқынды дамып келе жатыр. Музей саласы да заман көшіне ілесіп, алға жылжуы шарт. Музейге адамдардың жиі келуге мүмкіндігі бола бермейді. Сол үшін ақын мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында мерейтой аясында сайт аштық, - дейді.

Оның айтуынша, бұл сайтты жасау барысында көптеген материалдар, құжаттар, архив деректері жиналды. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің қорында жылдар бойы мұрағаттар мен ғылыми зерттеулер барысында жинақталып келген қор материалдары, музей кітапханасына келіп түскен кітаптар мен мерзімді баспасөз басылымдары басшылыққа алынды.

Сондай-ақ, музей қорындағы ақын тұлғасы, оның өмірі мен шығармалары негізіндегі бейнелеу өнер туындылары және Шәкәрім әндерін осы сайттан табуға болады.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper