19.11.2018 06:51

367.06
416.17
52.84
5.27
5.56
68.88


Электрондық үкімет порталы

Бейсенбі, 04 Қаңтар 2018 00:15

2017 жылы Электрондық үкімет порталы арқылы 34 миллионнан астам қызмет көрсетілді.

Электрондық үкіметте 2017 жылы сұранысы жоғары болған қызметтер:

«Отбасы» бөлімі бойынша:

  • Мекенжай анықтамасы  22 431 707 рет берілді;
  • Баланы балабақша кезегіне қоюға 92 945 өтініш берілді;
  • Некені тіркеуге  79 396 өтініш берілді (ал некені бұзуға 4 291 өтініш берілген);
  • Баланың туылуын тіркеуге 18484 өтініш берілді.

 «Жылжымайтын мүлік» бөлімі бойынша:

  • Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы 5 212 126 анықтама берілді;
  • Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы 5 528 972 анықтама берілді.

 «Бизнес» бөлімі бойынша:

Сонымен қатар, отандастарымыз eGov.kz  порталында онлайн түрде салықтар мен айыппұлдар және т.б. онлайн төлем жасаудың жеңілдігін бағалайтын болып шықты. 2017 жылы электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы 17 млрд теңгеден астам сомаға төлемдер жасалған.

Соңғы 3 жылда азаматтар жасаған транзакциялар да екі есеге артып,  2014 жылы 639 715 транзакция, ал 2017 жылы 1 907 932 транзакция жасалды.  Ал төлемдердің жалпы сомасы сервис іске қосылған сәттен бері 46 миллиардтан асты.

Электрондық-цифрлық қолтаңбаның берілуі де жыл сайын артып келеді. Осылайша, 2017 жылы елімізде ЭЦҚ 6 488 045 рет берілді, ал  1,5 млн астам адам цифрлық қолтаңбаны жеке куәліктеріне тіркеген.

Биылғы жылдың аяғында электрондық үкіметке тіркелген 7 миллионыншы пайдаланушы анықталды. Ал тек 2017 жылы 1 млн астам пайдаланушы тіркелді, оның ішінде 1 023 652 жеке тұлға, 45 912 заңды тұлға.

 

АҚПАРАТ

eGov.kz порталында азаматтар үшін 237 қызмет пен сервис қолжетімді, eLicense.kz порталында қолжетімді қызмет саны – 215.  Электрондық үкімет порталы іске қосылғаннан бері көрсетілген қызметтің жалпы саны 200 миллионнан асты.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper