15.11.2018 19:05



«Щелкунчик» балеті

Бейсенбі, 21 Желтоқсан 2017 10:23

Жаңа жыл қарсаңында «Астана Балет» театры Қазақ ұлттық хореография академиясымен бірлесіп алғаш рет Петр Ильич Чайковскийдің «Щелкунчик» балетін ұсынады.

Өтетін уақыты:  22-28 желтоқсан, сағат 18:00

Өтетін орны:  Астана қаласы, Ұлы дала даңғылы 9  / «Астана Балет» театры /

Маша мен Щелкунчик жайлы оқиға – шынайы махаббат, достық пен адалдық көптеген қиыншылықтарды жеңуіңізге септігін тигізіп, Тышқан патшасының әскерімен шайқасып, оны жеңуге көмектесетіні жайлы оқиға. Жаңа жылдық осы ертегі балаларға, сонымен қатар, ересектерге де қиян-кескі ұрысқа тайсалмай бас салған кезде ғана жеңіске жетуге болатыны, махаббат күші бәрінен де басым түсетіні жайлы еске салатын оқиға. Балеттегі оқиға жаңа жыл мерекесінде өтеді, демек, әрбір көрермен жаңа жыл алдындағы ғажайып көңіл-күй куәгері болары сөзсіз.

«Щелкунчик» балетінің романтика мен сиқырға толы өзіндік қойылымын Василий Вайнонен 1934 жылы С.М.Киров атындағы Ленинград опера және балет театрында (Мариин театры), кейін, 1938 жылы – Үлкен театрда қойды. Содан кейін, бұл қойылым КСРО және шет елдердің көптеген театрларының сахнасына шығарылған болатын. Балетте Чайковский мен Петипа заманында болмаған, классикалық бидің жаңа техникасы қолданылды. Хореографтың нағыз шедевріне айналған «Ақшақарлар биі» көрінісі болатын. Оны жеке концерттік нөмір ретінде де жиі көрсетіп келеді.

«Щелкунчик» - балалық шақ жайлы симфония. Анығын айтқанда, балалық шақпен қоштасар сәттегі сезім жайлы жыр. Бозбала шақтың көкжиегі көрінгенімен, балалықтың тәтті қиялы мен үрей-қорқынышы таусыла қоймаған кез. Ойыңыз бен сезіміңіз түс арқылы асқақтап, тек сезіне алатын, елестете алатын бейтаныс өмірге қарай қадам басасыз» - деп жазған еді, музыка сыншысы Борис Асафьев.

"Афиша" айдарына хабарлама жіберу үшін: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper