15.11.2018 18:49



Бурабайда тұңғыш рет «Қансонар» халықаралық турнирі өтеді

Дүйсенбі, 04 Желтоқсан 2017 18:22

8-11 желтоқсан күндері Бурабайда тұңғыш рет құсбегі Мәсіп Батырханұлының құрметіне саятшылардың «Қансонар» халықаралық турнирі өтеді.

Шараның мақсаты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болшаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған халқымыздың салт-дәстүрін жаңғыртып, насихаттауға бағытталған.

Ақмола облыстық Туризм басқармасының хабарлауынша, бұл жолғы турнирге Қазақстан Республикасы және Азия елдерінен бүркіт, ителгі, қаршыға баптаумен айналысатын мықты құсбегілер шақыртылды. Турнир талабы бойынша аңшы құстардың қолға қондыру, шырға тарту арқылы алғырлықтары сыналады. Ал ақтық сынға шыққандар қоян, түлкі және қасқырға алуға салынады.

Айта кетерлігі,  шараны тамашалауға ниет білдіргендерді Астана мен Көкшетау қалаларынан автобуспен тасымалдау қарастырылған.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper