15.11.2018 18:31



ҚР Ұлттық музейі

Бейсенбі, 09 Қараша 2017 13:58

10-12 қараша күндері сағат 9:00-18:00 аралығында ҚР Ұлттық музейінде «Эрмитаж күндері» өтеді.

 

Бұл күндері музейде Эрмитаж музейінен әкелінген виртуалды шынайылық аймағы жұмыс жасайтын болады.

Бірінші алаң – Эрмитаж VR. Виртуалды шынайылық кинотеатры. Бұл жерде басты рөлде Константин Хабенский  ойнайтын  360 градус форматындағы  «Эрмитаж VR.Тарихқа  сүңгу»  фильмі көрсетіледі.

Екінші алаң – Эрмитаждың Юпитер залының виртуалды моделі. Көрермендер Санкт-Петербургтегі Эрмитажға виртуалды түрде «кіріп», Юпитер залын «аралай алады».

Эрмитаж – Ресейдегі және дүние жүзіндегі ең ірі көркемсурет және тарихи-мәдени музей. Санкт-Петербург қаласында 1764 жылы Екатерина ІІ-нің жеке қоры негізінде ұйымдастырылған. 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары мұражай қайта жинақталып, экспонат саны арта түсті. Эрмитажда алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі және ежелгі шығыс (Ежелгі Мысыр мен Урарту өнерінің туындылары), көне, орта ғасыр өнері (Орт. Азия, Иран, Қытай мен Үндістанның өнер шығармалары) ескерткіштері молынан жинақталған. Эрмитаждағы ежелгі скиф және Солтүстік Қара теңіз жағалауынан табылған көне ескерткіштер аса құнды бағаланады. Коллекция қатарында Батыс Еуропа өнері туындыларынан Рафаэль, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Джорджоне, Тициан, Веласкес шығармалары, Рембрандт пен Рубенстің ең үздік полотнолары, 17 – 18 ғасырлардағы француз және 18 ғасырдағы ағылшын кескіндемелері, т.б. бар. Мұнда нумизматикалық коллекциялар, сән және қолданбалы өнер туындылары, суреттер мен гравюралардың бай қоры жинақталған. 1941 жылдан орыс мәдениетінің тарихы бөлімі жұмыс істейді. Эрмитажда 2 млн. 400 мың шамасында зат сақталған. Мұражай ғылыми және мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Реставрация шеберханасы, лекция залдары, рентген бөлмесі, кітапхана, фототека, т.б. жұмыс істейді. 1964 ж. Эрмитаж Ленин орденімен марапатталды.

 

"Афиша" айдарына хабарлама жіберу үшін: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper