26.09.2018 21:03

359.76
423.26
52.34
5.21
5.47
58.86


Бұқаралық ақпарат құралдары

Дүйсенбі, 06 Қараша 2017 10:07

Қазақстан Республикасында 2763 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ақпараты бойынша, 2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 2763 қолданыстағы БАҚ тіркелген. Басым бөлігін – 86% – баспа БАҚ, 11% – электрондық БАҚ, 3%  – ақпараттық агенттіктер құрайды.

Қазіргі уақытта елімізде 1156 газет және  1269 журнал жұмыс істейді.

Сондай-ақ, 285 электрондық бұқаралық ақпарат құралы тіркелген, олардың ішінде телерадиокомпания – 169 (108 – телекомпания және 61 – радиокомпания), кабельдік оператор – 108 және спутниктік хабар тарату операторы – 8.

Ақпараттық агенттіктердің жалпы саны – 41. Желілік басылым ретінде орыс және қазақ тілдеріндегі 15 басылым тіркелген.

Қазақстанда 11 телекомпания мен 7 радиостанция республикалық мәртебеге ие («Қазақстан» РТРК» АҚ, «Хабар» агенттігі» АҚ, «КТК» АҚ, «НТК» ЖШС, «Рахат-ТВ» ЖШС, «Астана қ. телевизиясы» ЖШС, «31 канал» ТРК ЖШС, «Эра» телерадиокомпаниясы» ЖШС, «Европа плюс Қазақстан», ЖШС, «Русское радио-Азия» ЖШС және «NS радиосы» ЖШС т.б.).

Қазақстанның аумағында қызмет көрсету сапасы мен деңгейі жоғары ақылы көп бағдарламалы қызметтер ұсынатын эфирлік-кабельдік телевизия желісінің 108 операторы жұмыс істейді. Олардың қызмет саласы, әдетте, жергілікті сипатқа ие. Бұл ретте, арналардың пакеті 14-тен 130-ға дейінгі телевизия бағдарламасы аралығында болады. Бұл спектрді «Алма-ТВ», «DIGITAL TV», «ID TV» және «ICON» сияқты бірқатар ірі операторлар ұсынған.

Кабельдік және эфирлік-кабельдік телевизия инфрақұрылымы Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай,  Өскемен, Павлодар сияқты ең ірі қалаларда дамыған.

«Қазтелерадио» АҚ ақпараты бойынша Республикадағы 4 млн. үй шаруашылығының 1,6 млн. эфирлік-кабельдік телевизиямен қамтылған, бұл - шаммен 5-6 млн. адам.

Қазіргі уақытта уәкілетті органда 270 шетелдік теле-, радиоарна есепке қойылған. Олардың: 185 – ресейлік, 24 – ағылшындық, 16 – француздық, 11 – американдық, 7 – түркиялық, 6 – украиндық, 18 – өзгелердікі (Нидерланды, Корей, Гонконг, Шешен Республикасы, Дағыстан Республикасы, Беларусь, Эстония, Кипр, Швейцария, Германия, Люксембург Герцогтігі, Әзербайжан).

Республика аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын ірі таратушылар - «Қазпошта» АҚ, «СП «АиФ-Казахстан» ЖШС, «Евразия пресс» АҚ, «Алма-ТВ» АҚ, «Қазцентр-ТВ» ЖШС. Олар тарататын масс-медиа көлемі жиынтығы 70% құрайды. Шетелдік өнімдерді таратушылардың 93 % - заңды тұлғалар.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper