19.07.2018 12:03

344.58
400.51
51.3
5.06
5.47
72.15


Астанада аймақтық БАҚ-ты дамыту мәселелеріне арналған басқосу өтті

Дүйсенбі, 06 Қараша 2017 17:12

Астанада аймақтық желілік және баспа басылымдарының мүмкіндіктерін дамытуды талқылау мақсатында аймақтық ақпарат құралдарының өкілдері бас қосты.

Республикалық Бұқаралық ақпарат құралдарына үлкен көңіл бөлінгенімен, аймақтық медиа назардан тыс қалып жататындығын айтқан «Қазконтент»АҚ Басқарма төрағасы Евгений Кочетов:

- Бүгінгі «Электронды БАҚ дәуірі. Тәжірибелік бөлімге кіріспе» конференциясы осы олқылықтың орнын толтырып, аймақтық журналистердің біліктілігін арттыруды көздейді. Себебі, аймақтық БАҚ-тың маңыздылығы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды күшейте түседі, - деді.

Ал жаңа медианың маңыздылығын ерекше атап өткен аймақтық БАҚ қауымдастығы төрағасының орынбасары Ержан Сейтқазинов:

- БАҚ және әлеуметтік желіде мультимедиялық контент маңызды рөл атқарады. Сондықтан да біз заман талабынан қалыс қалмай, оқырмандарымызды қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті контент жасауымыз керек, - деп атап өтті.

Айта кетерлігі, Тәжірибе алмасу және сандық технологиялар саласындағы тенденцияларды талқылау алаңына айналған форум аясында аймақтық БАҚ өкілдері 2 күн ақпарат таратуда сандық, заманауи технологияларды пайдалану, сапалы мультимедиялық контентті жасауды жетекші сала мамандарынан үйренді.

 

АҚПАРАТ

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2763 қолданыстағы БАҚ тіркелген. Басым бөлігін – 86% – баспа БАҚ, 11% – электрондық БАҚ, 3% – ақпараттық агенттіктер құрайды. Және 1156 газет пен 1269 журнал жұмыс істейді. Сондай-ақ, 285 электрондық бұқаралық ақпарат құралы тіркелген, олардың ішінде телерадиокомпания – 169 (108 – телекомпания және 61 – радиокомпания), кабельдік оператор – 108 және спутниктік хабар тарату операторы – 8. Ақпараттық агенттіктердің жалпы саны – 41. Желілік басылым ретінде орыс және қазақ тілдеріндегі 15 басылым тіркелген.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper