19.07.2018 12:02

344.58
400.51
51.3
5.06
5.47
72.15


Ауруханалар қызметін бағалауға арналған мобильді қосымша іске қосылды

Дүйсенбі, 06 Қараша 2017 15:59

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ауруханалар мен емханалар қызметін бағалауға арналған «МСҚ: Халықтық бақылау» мобильді қосымшан әзірлеп шықты. «МСҚ: Халықтық бақылау» деп аталатын қосымшаны 6 қарашасынан бастап жүктеп алуға болады.

Медициналық қызметтерді пайдаланушылар осы қосымшаның көмегімен  МСҚ дерекқорына енген барлық емдеу ұйымдары туралы пікір білдіріп, шағым жаза алады. Болашақта осы тілек-шағымдар негізінде клиникалардың рейтингі жасалуы тиіс. Бұл азаматтардың ең үздік деген клиникалар мен емханаларды таңдауына мүмкіндік бермек.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры  Забира Оразалиева:

- Қосымша бірден бірнеше мәселені шешіп береді. Біріншіден, азаматтармен жедел түрде кері байланыс орнатудың тағы бір каналы ашылады. Бұл емделушілер үшін клиника таңдау мәселесін едәуір жеңілдетері сөзсіз. Екіншіден, Қор серіктес-ұйымдардағы қызмет көрсету сапасы мен пациенттердің қанағаттану деңгейі жайлы қосымша мәлімет алып отырады.

Денсаулық сақтау нысандарының рейтинг пайдаланушылар қойған баға негізінде, автоматты түрде жасалып, Медициналық сақтандыру қорының сайтында жарияланып отырады.

«Халықтық бақылау» қосымшасын Android платформасына негізделген смартфондарға Playmarket арқылы, ал, iOS платформасы үшін AppStore арқылы жүктеп алуға болады.

 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper