26.09.2018 14:43

356.54
419.43
51.86
5.17
5.42
58.13


Тауар-көлік құжаты

Жексенбі, 05 Қараша 2017 13:11

Қазақстанда биыл қазан айының 10-ы мен 31-і аралығында тауар-көлік құжаты болмағандықтан (CMR) 159 шетел автокөлік құралы әкімшілік жауапқа тартылды.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, CMR жоқ Ресей (51), Моңғолия (1) және Өзбекстан (1) тасымалдаушылары анықталды.

Бірақ, айыппұлдардың басым бөлігін, яғни 106 айыппұлды Қырғыз тасымалдаушылары төлейтін болды. Жалпы жыл басынан бері Қырғыз елінің тасымалдаушылары 493 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тауар-көлік құжаты бұл негізгі тасымал құжаты болып есептеледі. Оның құрамында жүк атауы, оның саны мен салмағы; қаптама түрі; жүкті тиеу және түсіру тәсілі мен уақыты сынды деректер бар.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper