26.09.2018 14:43

356.54
419.43
51.86
5.17
5.42
58.13


Транзиттік тасымал көлемі

Жексенбі, 05 Қараша 2017 14:58

ҚХР-ЕО-ҚХР бағыты бойынша контейнерлік транзиттік тасымал көлемі 100 есе өсті.

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «ТрансЕуразия-2017» конференциясында айтты.

Халықаралық экспедиторлық қауымдастық федерациясы дүниежүзілік конгресінің қорытындысы бойынша Азия мен Еуропа арасындағы теміржол желісінің саны жылдам өскен.

Мысалы, 2013 жылы 72 блок-пойыз болса, 2016 жылдың соңында ол 1200-ге жеткен. Бүгінгі күні Қытайдың негізгі жүк ағыны шығатын нүктеден тұрақты 15 бағытқа Қытай-Еуропа-Қытай контейнерлік теміржол желісі ашылғаннан кейін Қазақстан көлік-логистикалық қызмет көрсету жүйесі енгізді. ҚХР-ЕО-ҚХР бағытындағы контейнерлік транзиттік тасымал көлемі 104 мың контейнерге дейін немесе 100 есе өскен. 2020 жылға қарай аталмыш бағыт бойынша тасымал көлемін 800 мың контейнерге дейін жеткізу жоспарлануда. Ал, басқа бағыттарды қосқанда жалпы 2 млн контейнерге дейін жеткізу көзделіп отыр.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper