22.07.2018 22:22

346.68
404.02
51.15
5.1
5.47
72.23


Инфляция деңгейі

Сәрсенбі, 23 Тамыз 2017 10:19

Оңтүстік Қазақстан облысында шілде айындағы азық-түлік инфляция деңгейі 99,8%-ды құрады. 

Оның ішінде азық-түлік тауарларының тұтынушылық бағасының индексі – 98,3%, азық-түлік емес тауарлар – 100,5%.

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының мамандары хабарлады.

Басқарма ұсынған статистикалық мәліметтеп бойынша, маусым айында әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары бағасының индексі 97,7%-ды құраған. Бұл биылғы шілде айына жоспарланған көрсеткіштен 1,9 пайыз пунктке төмен. Сонымен қатар, облыста азық-түлік бағасының күрт құбылуы тіркелмеген. Өңірдегі жағдай тұрақты, азық-түліктің жетіспеушілігі байқалмайды.

Қазіргі уақытта облыста бағаны тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері ұйымдастырылып келеді. Тұрақтандыру қорының азық-түлігі Шымкент қаласының әр аймағындағы ондаған әлеуметтік дүкендерде сатылуда.

Айта кетерлігі, биыл шілде айында Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызды азық-түлік нарығындағы 2 өнімнің бағасы жоғарылаған. Мәселен,  пияз 140 теңгеден 146 теңгеге, ал сәбіз 145 теңгеден 151 теңгеге қымбаттаған. Бұл өнімдер бағасының өсуінің негізгі себебі маусымдық құбылыс болып саналады. Бұған қоса 2 өнімнің бағасы төмендеді. Яғни, қырыққабат 123 теңгеден 88 теңгеге, ал картоп 131 теңгеден 96 теңгеге дейін арзандаған.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper