19.11.2018 06:53

367.06
416.17
52.84
5.27
5.56
68.88


Сыртқы тауар айналымы

Жұма, 19 Мамыр 2017 10:28

Солтүстік Қазақстан облысында 2017 жылғы қаңтар-наурызда сыртқы тауар айналымы 115 468,3 мың АҚШ долларын құрады.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің хабарлауынша, оның 69,7% ЕАЭО елдеріне келеді.

Алдын ала деректер бойынша 2017 жылғы қаңтар-наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара саудасы 80 470,2 мың АҚШ долларын құрайды. Бұл көрсеткіш 2016 жылғы сәйкес кезеңдегіден 44,3% артық. Оның ішінде импорт – 70 677,3 мың доллар, экспорт – 9 793 мың доллар.

Солтүстік Қазақстан облысының ЕАЭО елдеріне жалпы экспорт көлемінің 56,1 пайызы мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары, 22,3 пайызы металдар және олардан жасалған бұйымдар, 10 пайызы минералды өнімдер, 4,1 пайызы құрылыс материалдары және 3 пайызы машиналар, жабдық, көлік құралдары, аспаптар және аппараттар.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper