15.11.2018 19:18



«Солнечный мир» орталығы тегін интернетке қосылды

Жұма, 12 Қазан 2018 10:47

Beeline Қазақстан «Шексіз мүмкіндіктер» республикалық жобасының аясында «Солнечный мир» оңалту орталығын тегін интернетке қосты.

ФОТО: ГҮЛЖАН РАМАҚҰЛОВА

«Солнечный мир» қоғамдық қоры­ның негізін Даун синдромына байланысты даму ерекшелігі бар балалардың бір топ белсенді ата-аналары құрып, кейінірек балаларға медициналық және психологиялық көмек беретін осы орталықты ашқан болатын.

2016 жылғы 1 қарашадан бастап «Күн әлемі» оңалту орталығы мектепке дейінгі дайындыққа және мектепке даярлауға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында 0-18 жас аралығындағы Даун синдромы бар балаларды қолдау бойынша түзету-педагогикалық іс-шаралар жүргізіп келеді.

ФОТО: ГҮЛЖАН РАМАҚҰЛОВА

Балаларға кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық көмекті тексеру мен тақырыптық жоспарлаудан бастап, баланы дамытудың жеке бағытын даярлауға дейінгі тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар тобы қамтамасыз етеді. Ал ата-аналарға әлеуметтік қорғау және бейімдеу қыз­меттері курс ретінде өткізіліп, біржолғы тегін кеңес көрсетіледі.

ФОТО: ГҮЛЖАН РАМАҚҰЛОВА

Бұл күні әлеу­меттік маңызы бар осындай жұмыстар атқарумен бірге «Солнечный мир» ба­лалардың дамуында маңызы бар, оларға шаттық сыйлайтын мәдени және спорттық іс-шаралар алаңына айналды.

Мәселен «Солнцекросс» шарасы аясында қазақстандық әртістер өнер көрсетіп, бүлдіршіндерге баға жетпес қуаныш сыйлайды. Орталық ашылғаннан бері оңалту курсынан 250 бала ем алды.

ФОТО: ГҮЛЖАН РАМАҚҰЛОВА

«Beeline компаниясымен арадағы ынтымақтастықтың арқасында орталық жұмысында жаңа мүмкіндіктер ашылғанына қуаныштымын. Енді «Солнечный мир» оңалту орталығының мамандары Қазақстанның барлық аймағына кеңес бере алады. Бұл – ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларға үлкен көмек », - деді «Солнечный мир» ҚҚ құрылтайшысы Мария Федорова.

 

«Осы жобамен айналысып жүргенімізге төрт жылдан асты. Осы жылдарда Қазақстанның барлық жеріндегі мектептер, оңалту орталықтары, кітапханалар интернетке қосылды. Назарымызды аударған жиырма бес ұйым бүгінде заманауи технологиялардың арқасында көптеген жетістікке жетіп отыр. Енді «Солнечный мир» орталығы да бізден қайырымдылық көмегін алды. Орталықтың педагогтарына, ата-аналарға таусылмас төзім мен қажыр-қайрат, барлық балаға денсаулық тілейміз, интернет қосылған соң, орталықтың жұмысы бұрынғыдан да жемісті болатынына сенімдіміз», - деді Beeline Қазақстанның Корпоративтік бизнесті дамыту жөніндегі коммерциялық директоры Рауан Қабдырахимов.

 

АҚПАРАТ

Beeline Business корпоративтік брендінің «Шексіз мүмкіндіктер» әлеуметтік бағдарламасы 2014 жылы ашылды. 2016 жылы жоба өзгеріп – Beeline-ның тегін интернетінен бөлек, ұйымдарды жаңа жабдықтармен қамтамасыз ететін болды.

Жоба Қазақстандағы Veon тобының жаһандық «Make Your Mark» («Ізіңді қалдыр») әлеуметтік бастамасының көшбасшысы.

«Шексіз мүмкіндіктер» жобасы бойынша елімізде барлығы шамамен 2500 бала интернетті қолдануда. Қатысушылар қатарында Қазақстанның 15 қаласынан 26 ұйым бар. 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper