19.11.2018 07:00

367.06
416.17
52.84
5.27
5.56
68.88


Зорлық - зомбылықсыз Оңтүстік

Жұма, 06 Сәуір 2018 13:05

Оңтүстік Қазақстан облысында жарияланған «Зорлық - зомбылықсыз Оңтүстік» акциясы Сарыағаш ауданында бастау алып, науқанға сарыағаштық 600 оқушы қатысты.

Мақсаты оқушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылық нені білдіретінін түсіндіріп, отбасындағы бала тәрбиесі туралы кеңінен насихаттау. 

Шара барысында ауыл ақсақалдары тəрбие - тал бесіктен басталатынын айтып, елді ынтымаққа жəне баланы дұрыс тəрбилеуге шақырды.

Сонымен қатар, əр мектеп ұжымдарының ерікті үйірме мүшелері «Зорлық- зомбылыққа жол жоқ» ұраны негізінде «Асфальтқа сурет салу», «Арқан тарту», «Асық ойыны», «Шахмат» жəне «Тоғызқұмалақ» ойыны түрлерінен өзара сайысқа түсті.

Шара әрі қарай Қазығұрт ауданында жалғасын тапты. Онда оқушылар жаппай «Қара жорға» биімен флешмоб ұйымдастырса, ауыл балаларынан құралған «Хор» ұжымы өнер көрсетіп, «Тир ату», «Волейбол» жəне жүлделі «Қазығұрт» бишілер тобының оқушы құрамы концерт қойды.

Айта кетерлігі, Наурыз мерекесі қарсаңында аймақ басшысы өңір зиялыларымен кездесіп, «Зорлық-зомбылықсыз – Оңтүстік» акциясын бастауды ұсынған болатын. Өңір басшысы акция аясында барша аудан, қала әкімдіктеріне зорлық-зомбылықтың, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кешенді жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды. Аға буын, зиялы қауым өкілдерін де осы бастамаға қолдау көрсетіп, белсенді жұмыс істеуге шақырады.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper