22.07.2018 22:12

346.68
404.02
51.15
5.1
5.47
72.23


Азық-түлік тауарлары бағасы өсті

Жұма, 06 Сәуір 2018 12:48

2018 жылғы наурызда азық-түлік тауарларының бағасы 2017 жылғы наурызбен салыстырғанда 5,5%-ға өсті.

Баға алкогольді ішімдіктерге – 10,4%, сүт өнімдеріне – 9,7%, кондитерлік өнімдерге – 8,3%, балық және теңіз өнімдеріне – 8,2%, тоқаш және ұн өнімдеріне – 6,7%, жемістер мен көкөністерге – 6,3%, кофе, шай және какаоға – 4,1%, макарон өнімдеріне – 1,9%, нанға – 0,8%, ұнға 0,6%-ға жоғарылады, ал жармаларға – 19,1%, қантқа 15,1%-ға төмендеді.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдеріне баға өсімі 8,5%-ды құрады. Сиыр етіне баға деңгейі – 10,1%-ға, жылқы етіне, шұжық өнімдеріне – 8,5%-дан, қой етіне – 8,4%, шошқа етіне – 8,1%, құс етіне 3,5%-ға жоғары болды.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper