19.11.2018 06:51

367.06
416.17
52.84
5.27
5.56
68.88


Балмұздақтан уланғандар саны артып жатыр

Жұма, 30 Наурыз 2018 11:16

Шымкентте балмұздақтан уланғандардың саны 41 адамға жетті.

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық ішкі істер департаментінің таратқан хабарламасы бойынша, қазір азаматтардың жаппай улану оқиғасы бойынша ҚР ҚК 304-бабымен қылмыстық іс қозғалған.

«Шымкент қалалық ІІБ әл-Фараби полиция бөліміне жұқпалы аурулар ауруханасынан 41 адам балмұздақтан уланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайт әл-Фараби полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне «Санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда».

Айта кетерлігі, 29 наурыздан бастап Шымкент қаласында балмұздақ сататын бір орыннан тәтті жеген 40-тан астам адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына өткір ішек инфекциясымен түсті.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper