26.09.2018 20:41

359.76
423.26
52.34
5.21
5.47
58.86


Қала сақшылары ұрыны қолға түсірді

Жұма, 30 Наурыз 2018 10:25

Астанада ұландықтар ұрыны қолға түсірді, - деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

2018 жылдың 16 наурызында түнгі сағат 00:40 шамасында Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің жауынгерлері С. Мұхамеджанов көшесі 29 үй жанында қоғамдық тәртіпті күзетіп келе жатып жақын маңда әйнектің сынғанын естиді.

Әскери жасақ сарбаздары Иминжан Закиров, Диас Қасымхан, Артем Урожай дауыс шыққан жаққа қарай жүгіріп жетеді. Тура сол сәтте үй астында орналасқан «Василёк» дүкенінің сынған терезесінен шығып келе жатқан ер адамды байқайды. Ұры да ұландықтарды көрген бойда жер үйлерге қарай қашады. Соңынан қуған сарбаздар оқиғаны рациямен патрульдік топ бастығы кіші сержант Әлібек Қалиевке баяндайды. Төртеуі бөлініп, ұры тығылған аймақты қоршауға алады. Көп ұзамай күдікті ұсталып, Астана қаласының Сарыарқа аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді.

Ұрлық жасау фактісі ізінше дәлелденіп, сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Ұсталған азамат 17.07.1990 жылы туған  Шағатаев Қанат Күмісбекұлының бұған дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120, 121 баптары бойынша сотты болғаны анықталды.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper