26.09.2018 21:20

359.76
423.26
52.34
5.21
5.47
58.86


Б.Клинтон Мьянма билігінен журналистерді босатуын талап етті

Сейсенбі, 09 Қаңтар 2018 09:58

АҚШ-тың бұрыңғы президенті Билл Клинтон Мьянма билігінен 12 желтоқсан күні Янгонада тұтқындалған Рейтер агенттігінің журналистерін дереу босатуын талап етті.

Билл Клинтон Twitter парақшасында «БАҚ өкілдерінің еркін болуы қоғам үшін өте маңызды. Сондықтан журналистерді қай жерде болса да тұтқындауға болмайды. Мьянмада ұсталып отырған Рейтердің журналистері дереу босатылулары тиіс» деп жазды.

 

АҚПАРАТ

12 желтоқсаннан бастап Мьянманың ең ірі қаласы Янгонада журналистердің тұтқындалғаны белгілі болды. Себебі әлі күнге дейін нақтыланбады.

Жергілікті, Frontier Myanmar басылымының хабарлауынша, қалалық полиция қызметкерлері кешкі уақытта жүрген журналистерді тоқтатып, тексерген. Тінту барысында олардың біреуінен әскери есеп пен қазіргі уақытта қақтығыс орын алған Ракхайн штатының картасы табылған. Осыған орай, әскери құжаттарды заңсыз сақтағаны үшін күдіктілер тұтқындалған. Аталмыш бап бойына ең ұзақ жаза 14 жыл бас бостандығынан айыру.

Агенттіктің қызметкері Ко Ва Лон (Ko Wa Lone) бұрын Myanmar Times газетінде жұмыс істеген. 2016 жылдың шілде айында рейтерліктердің қатарына қосылған. Олар әріптесі Ко Кья Со Оо (Ko Kyaw Soe Oo) екеуі Frontier Myanmar басылымының ақпараты бойынша, агенттікте Ракхайн шаттындағы жағдайды ақпараттандыру бойынша жұмыс істеп жүрген.

Ұйымдасқан жауынгер-рохинджалықтардың Мьянманың шекаралық посттары мен әскери бөлімшелеріне шабуылдап, оларға мьянмалық қарулы күштің қарсы тұруынан туындаған қақтығыстан соңғы 3 айда Мьянманың Ракхайн штатында тұрып жатқан  жарты миллионға жуық рохинджа, этникалық мұсылман бенгальдықтар Бангладештің көршілес аймақтарына қашуға мәжбүр болған.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper