23.05.2018 20:31

326
382.2
51.05
4.78
5.29
67.45


АҚШ билігі мемлекеттік қызметкерлерге «Касперский» антивирусын қолдануға тиым салды

Бейсенбі, 14 Желтоқсан 2017 10:03

Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп елдегі барлық мемлекеттік құрылымдарға 3 айдың ішінде «Лаборатория Касперского» компаниясының қызметі мен өнімдерінен бас тартуды міндеттеді.

АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігінің хабарлауынша, «Лаборатория Касперского» компаниясының өнімдері елдің қорғанысына қауіп төндіреді. Сондықтан, алдағы 30 күн ішінде барлық мемлекеттік құрылымдар «Лаборатория Касперского» бағдарламасы бойынша есеп тапсырып, 60 күн ішінде өзге компаниялардың өнімдеріне өту жолдарын ойластырулары керек. Ал бұл ереже жарияланғаннан күннен бастап 3 айдың ішінде ұйымдар толықтай ресейлік антивирустық өнімдерден бас тартуы тиіс.

Министрлік мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне байланысты осыған ұқсас тиымды қыркүйек айында енгізген болатын. Ведомство «Лаборатория Касперского» компаниясының бағдарламаларын Құрама Штаттардың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді деп таныған.

Ұйым өкілдері америкалық биліктің шешімі бойынша «Лаборатория Касперского» кибертыңшылыққа ешқандай қатысы жоқ және бірде бір елге көмек көрсетпейтіндігін мәлімдеді. Компания биыл АҚШ-тың мемлекеттік ұйымдарын бағдарламамен қамтамасыз етіп отырған Вашингтондағы Kaspersky Government Security Solutions бөлімшесін жабады. Алайда, 2018 жылы Чикаго, Лос-Анджелес пен Торонтода жаңа 3 офисін ашу туралы жоспарынан бас тартқан жоқ.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper