22.07.2018 22:16

346.68
404.02
51.15
5.1
5.47
72.23


Белоруссияның алтын валюта қоры 7,395 миллиард долларды құрады

Сейсенбі, 07 Қараша 2017 13:55

Халықаралық валюта қорының есебі бойынша Белоруссияның алтын валюта қоры 7,395 миллиард долларды құрады.

Бұл жөнінде Белоруссия Республикасы Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазан айының өзінде Белоруссияның алтын валюта резерві 1,8%-ға артып, 7 млрд доллардан асқан. Мұндай көрсеткіштерге Белоруссия бюджетке шетелдік валюталық кірістен, Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорынан, мұнай мен мұнай өнімдерінің экспортының баж салығынан түскен қаражаттың арқасында жеткен.

Одан өзге қордың өсуіне Ұлттық банктің шетелдік валютада белгіленген облигацияларының сатылымынан түскен қаражат та оң ықпалын тигізген.

 

АҚПАРАТ

2017 жылдың басынан бастап Беларуссияның алтын валюталық резерві $2,468 миллиард долларға өскен.

 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper