26.09.2018 14:50

356.54
419.43
51.86
5.17
5.42
58.13


Президенттікке үміткер Сооронбай Жээнбековке 54% азамат дауыс берді

Жексенбі, 15 Қазан 2017 20:49

Алдын ала санақ бойынша, Қырғыз Республикасында өтіп жатқан сайлау науқанының нәтижесінде президенттікке үміткер Сооронбай Жээнбековке 54% азамат дауыс берді.

Қырғыз Республикасының Орталық сайлау комисссиясының төрайымы Нұржан Шайлдабекованың хабарлауынша, президент сайлауының бірінші нәтижесі бойынша Сооронбай Жээнбеков алдыңғы қатарда тұр. Оған қазіргі уақытта 809 мың 330 адам дауыс берген, бұл деген сайлаушылардың 54% пайызының таңдауы.

Президент сайлауына барлығы 1 млн 492 мың 891 Қырғыз елінің азаматы қатысқан.

Оның ішінде, Омурбек Бабановқа 501 мың 901 (33%), Темир Сариевке – 37 430, Адахаман Мадумаровқа – 98 мың (6,54%) азамат дауыс берген.

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта сайлау учаскелерінен келіп түсіп жатқан ақпаратқа байланысты мәліметтер жаңарып жатыр.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper