26.09.2018 14:43

356.54
419.43
51.86
5.17
5.42
58.13


Қырғызстанда президент сайлауы басталды

Жексенбі, 15 Қазан 2017 08:15

Қырғыз Республикасының Орталық сайлау комисссиясының хабарлауынша, бүгін таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат 8:00-де Қырғызстанда президент сайлауы басталып, сайлау учаскелері жұмысқа кірісті.

Елдің мемлекеттік тіркеу қызметінің мәліметінше, Қырғызстан Президенті сайлауына 3 миллион 25 мың 768 дауыс беруші қатыса алады. Ал дауыс беру бюллетеньдерінде 13 үміткер көрсетілген. Бірақ Бақыт Торобаев пен Камчыбек Ташиев сайлауға қатысуға бас тартқандығына байланысты оларға дауыс берілмейді.

Айта кетерлігі, бұл елдегі мемлекет басшысын таңдау үшін өткізілген жетінші сайлау. Дауыс беру сағат 20:00-де тоқтатылады.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper