26.09.2018 03:01

356.54
419.43
51.86
5.17
5.42
58.13


Қазақстандықтар Катар мемлекетіне визаны тегін ала алады

Бейсенбі, 10 Тамыз 2017 11:32

QAINAR.KZ — Катар мемлекеті Қазақстан, Үндістан, Ресей мен Қытайды қоса алғанда әлемнің 80 мемлекетінің азаматтарына визалық тәртіпке жеңілдік енгізді.

Енді Қазақстанның азаматтары Катар елінде тегін визамен 1 ай, ал Германия, Франция, Түркия сынды 33 елдің азаматтары 6 айға дейін жүре алады.

Осылайша, кезінде лаңкестерге қолдау көрсетуші ел ретінде айып тағылып, оқшауланып қалған Катар туристердің ағымын көбейтуді көздеп отыр.

Елдің Туризм департаментінің басшысы Хасан Аль Ибрахим бұл қадам Катарды осы аймақтағы ең ашық ел ретінде танытады дейді. Оның айтуынша, Доха Катар түбегі жайында біліп, мәдени мұрасымен, табиғи құндылықтарымен танысқысы келетін шетелдік туристерді тек қуана қарсы алады. Және де Катар әрі қарай да визалық тәртіпті жетілдіру бойынша жұмысын жалғастыра бермек.

Айта кетерлігі, бұрын Қазақстан азаматтары үшін виза бір рет қана, тек бір айға беріліп, құны 30 АҚШ долларын құрайтын.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper