14.08.2018 17:17

363.22
413.42
52.78
5.33
5.35
52.82


Малала Юсуфзай ең жас әлем елшісі атанды

Сейсенбі, 11 Сәуір 2017 10:05

Пәкістандық құқық қорғаушы Малала Юсуфзайды БҰҰ-ның ең жас әлем елшісі атанды.

Біріккен ұлттар ұйымының Нью-Йорктегі штаб пәтерінде ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш Малала Юсуфзайды БҰҰ-ның әлем елшісі етіп тағайындады. Салтанатты шара барысында Антониу Гутерриш:

«Мен Малаланы ұйым тарихындағы ең жас БҰҰ әлем елшісі ертінде тағайындағанымды мақтан тұтамын», - деді.

Осыдан 5 жыл бұрын Малаланы пәкістандық қыздардың білім алу құқығын қорғағаны үшін тәлібтер өлтірмек болған. Басы мен мойнына оқ тиген 14 жасар қыз денсаулығын қалпына келтірген соң да алған бетінен қайтпай, қолға алған ісін жалғастырды. 2014 жылы бейбітшілікті күшейтуге бағытталған іс-әрекеті Нобель сыйлығын алған.

Айта кетерлігі, Біріккен ұлттар ұйымының әлем елшісі мәртебесі ұйымның жұмысына халықаралық қауымдастықтың назарын аудартуға келісімін берген өнер, музыка, ғылым, спорт және құқыққорғау салаларында жетістікке жеткен қайраткерлерге беріледі.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper