18.10.2018 04:32

363.26
420.11
52.45
5.25
5.54
63.96


Nissan Datsun маркасының жаңа нұсқасы шығарылады

Сейсенбі, 28 Наурыз 2017 11:39

Nissan алдағы үш жылда Datsun маркасының гибридті нұсқасын шығаруды қолға алады.

Бұл туралы Nissan-ның бренд-менеджері Винсент Кобе хабарлады. Оның айтуынша, Datsun-ның негізгі тұтынушылары Үндістанда, 2020 жылға қарай аталған ел нарығындағы көлікке сұраныс бес миллион автокөлікке жетеді, деген болжам бар.

«Біз Үндістанға алдыңғы қатарлы технологияны әкелу арқылы, бәсекелестеріміздің алдын орап кетеміз. Бұл алдағы үш жылда Datsun көліктеріне  старт/стоп жүйесін,  гибридті  күштік құрылғы және жаңа буынның  жылдамдық ауыстыру қорабын енгіземіз» - деді өз сұхбатында Винсент Кобе.

Алғашында, Nissan Үндістанға жылына 200 мың Datsun автокөлігін өткізуді жоспарлаған. Бірақ, былтыр шамалары тек 80 мың машина сатуға келді. Соған қарамастан, Nissan-ның Үндістанда сатылған көліктерінің 50%-ын Datsun маркасы құрапты. Компания биылғы көрсеткішті 125 мыңға жеткізуге дәмелі. Сондай-ақ,2015 жылы ғана Nissan Datsun Go Cross шағын кроссоверінің тұсауын кескен компанияның өкілі, "Грибридтерге жаңа технологияларды енгізу біздің компанияның бәсекелестерінен бірнеше қадам алда болуына септігін тигізеді" дейді.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper